2025 жылғы 20 қарашада «Туризм» мамандығының студенттері мен магистранттары г.ғ.к., кафедра доценті Молдағалиева А. Е. және кафедра докторанты Сатқали И. Қ. бірге GIS Day 2025 шарасына қатысты !
Шараға геоақпараттық жүйелер қолданылатын түрлі салалардан 300-ден астам қатысушы жиналды. Қатысушылар ГАЖ саласындағы заманауи үрдістер мен инновациялар, сондай-ақ өңірлер мен салаларды дамытуға көмектесетін цифрлық шешімдер туралы ақпарат алды.
Туризмде ГАЖ қолдану – тұрақты дамуға жасалған маңызды қадам. Өйткені мұндай технологиялар туристік ағындарды талдауға, маршруттарды жоспарлауға, табиғи аумақтарды сақтауға және сапарларды барынша ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар
8 желтоқсан, 2025
8 желтоқсан, 2025
8 желтоқсан, 2025