«Эко-коммуникация және оның қоғамдық мәні» атты дөңгелек үстелFarabi University

«Эко-коммуникация және оның қоғамдық мәні» атты дөңгелек үстел

10 қазан, 2025

2025 жылғы 10 қазанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары «Эко-коммуникация және оның  қоғамдық мәні» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәселелердіғң қазіргі қоғамның санасы мен өміріне әсерін талқылау. Дөңгелек үстелді ф.ғ.д., профессор А.Б.Темірболат, ф ғ.д., профессор С.Б. Ержанова, PhD, доцент м.а. Г.Т. Оспанова, ф.ғ.к., доцент м.а. Б.С. Иманғалиев, аға оқытушылар А.Қ. Саргелтаева,  Б.Б. Баязитов ұйымдастырды. Іс-шараға «Қазақ филологиясы» мамандығының 2 курс студенттері қатысты. Баяндамаларында оқытушылар мен студенттер экологиялық идеялардың БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қалай таралатынын, олардың қазіргі адамдардың санасына қалай әсер ететінін талқылады. Дөңгелек үстелдің қатысушылары университеттер, БАҚ, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері және жергілікті қоғамдастықтардың ынтымақтастықсыз тиімді экологиялық коммуникация дамымайтынын атап өтті. Қоғамда экологиялық құндылықтарды таратудың маңыздылығы ашылды.