Қыршехирдегі халықаралық симпозиумға ҚазҰУ атынан қатысуFarabi University

Қыршехирдегі халықаралық симпозиумға ҚазҰУ атынан қатысу

23 қараша, 2025

2025 жылғы 19–23 қараша аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының доцент-зерттеушісі, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО ғылыми қызметкері  Кайранбаева Назым Нургельдиевна Түркия Республикасының Қыршехир қаласындағы Ахи Евран университетінде өткен «Анадолыда түркі жазба тілінің көшбасшылары және Ашық Паша» (Uluslararasi Anadolu’da Türk Yazi Dilinin Öncüleri Ve Âşik Paşa Sempozyumu) атты халықаралық симпозиумға іссапармен барып, «Орталық Азия қыпшақ мотивтерінен Анадолы оғыз дәстүріне дейін: Һазірет Әлі қиссалары» атты ғылыми баяндамасын ұсынды. Түркі әлемінің ортағасырлық әдеби мұрасын, Анадолыдағы оғыздық мәдени дәстүрді және Ашық Паша еңбектерінің маңызын талдауға арналған бұл симпозиум—түркі жазба тілінің тарихын зерттеудегі жетекші халықаралық ғылыми алаңдардың бірі саналады.

Іс-шараға Түркияның 30-дан аса беделді университеттерінен келген жетекші ғалымдар: проф. д-р Гүрер Гүлсевин (Эге университеті), проф. д-р Айше Илкер (Маниса Жәләл Байар университеті), проф. д-р Ахмет Буран (Фыррат университеті), проф. д-р Надир Илхан (Қыршехир Ахи Евран университеті), Эрджиес университетінің профессоры Мустафа Аргұншах, проф. д-р Эрдоған Боз (Ескішехир Османғазы университеті), сондай-ақ Польшадағы Adam Mickiewicz University өкілі PhD Үміт Қыдырбаева, Қыршехир Ахи Евран университетінің жас зерттеушісі PhD Джерен Оғұз Кабадайы және басқа да халықаралық деңгейде танылған түркологтар қатысты.

Жалпы алғанда, іссапар толық әрі нәтижелі өтті. Алдағы уақытта Түркия университеттерімен бірлескен жобаларды дамыту, түркологиялық ғылыми алаңдарда ҚазҰУ-дың қатысуын күшейту, магистранттар мен докторанттар үшін академиялық алмасу бағдарламаларын кеңейту ұсынылады.

Кайранбаева Н.

https://www.kirsehircigdem.com/turkcenin-hafizasi-kirsehirde-gucleniyor

 

https://www.kirsehirmemleket.com.tr/asik-pasa-sempozyumunun-kapanisinda-turk-yazi-dilinin-koklu-mirasi-one-cikti