ҚазҰУ студенті «TürkçeFest – 2025» мәдени фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсеттіFarabi University

ҚазҰУ студенті «TürkçeFest – 2025» мәдени фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсетті

24 қараша, 2025

2025 жылғы 22 қарашада «Тұран» университетінде «TürkçeFest: Тілдегі бірлік, мәдениеттегі достық» атты жыл сайынғы дәстүрлі мәдени фестиваль өтті.

Бұл шара Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындары арасындағы шығармашылық және академиялық ынтымақтастықтың маңызды алаңына айналды.

Фестивальға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Нархоз университеті және басқа да ЖОО студенттері шақырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атынан Шығыстану факультетінің 3-курс студенті, Түркология және Шығыс елдері тарихы кафедрасының өкілі Әскерова Айым Досымқызы қатысты. Ол «Түрік кофесі – материалдық емес мәдени мұра элементі: дәстүрлер, символика және заманауи қабылдау» атты академиялық презентациясымен көпшіліктің назарын аударды.

 

Айым өз баяндамасында түрік кофесінің пайда болу тарихын, оның мәдени маңызын, ұсынылу дәстүрлерін және түрлі салтанатты рәсімдердегі орнын жан-жақты ашып көрсетті.

Презентациядағы көрнекілік материалдар мен практикалық демонстрация тыңдармандардың ерекше қызығушылығын тудырды.  

Фестиваль қорытындысында барлық қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің шәкіртіміздің мазмұнды баяндамасы ҚазҰУ студенттерінің дайындығы жоғары деңгейін және олардың мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін айқындап берді.

 

Дулаева Э.