«Геодезия және картография» ББ 2 курс студенттері 4-ТДМ бойынша «Сапалы білім» беруді қамтамасыз ету аясында 1-курс студенттеріне арналған таныстырылымдық іс-шара өткізілді.Farabi University

«Геодезия және картография» ББ 2 курс студенттері 4-ТДМ бойынша «Сапалы білім» беруді қамтамасыз ету аясында 1-курс студенттеріне арналған таныстырылымдық іс-шара өткізілді.

22 қазан, 2025

«Геодезия және картография» ББ 2 курс студенттері 4-ТДМ бойынша «Сапалы білім» беруді қамтамасыз ету аясында 1-курс студенттеріне арналған таныстырылымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді өз мамандығының ерекшеліктерімен және оның маңыздылығымен таныстырып қана қоймай, геодезия ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, оны дәл өлшеулерді, цифрлық технологияларды және кеңістіктік ойлауды біріктіретін заманауи бағыт ретінде таныту болды.

Іс-шара барысында білім берудің тәжірибеге бағытталған тәсіліне және болашақ мамандарды даярлаудағы инновациялардың рөліне ерекше назар аударылды. Студенттер ойын түріндегі қызықты викторинаға қатысып, өз білімдерін және командалық жұмыс қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, 2-курс студенттері дайындаған интерактивті презентация ұсынылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді.

Мұндай теориялық және ойын форматтарының үйлесімі студенттердің оқу процесіне қызығушылығын арттырып, ынталандырушы білім беру ортасын қалыптастыруға және геодезия саласының заманауи талаптарына сай кәсіби құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.