ҚазҰУ студенттері туризм олимпиадасына қатыстыFarabi University

ҚазҰУ студенттері туризм олимпиадасына қатысты

24 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері Астанада  өткен «Туризм» білім беру бағдарламасы студенттері арасындағы белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы бойынша VIII халықаралық олимпиадаға қатысты.    

Олимпиада Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ЦУР) қолдау шеңберінде, атап айтқанда ТДМ 4 – «Сапалы білім» және ТДМ 17 – «Тұрақты даму үшін әріптестік» бағыттарына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.

Дәстүрлі олимпиада биыл еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындары мен колледждерінен келген 20-дан астам команданы біріктірді. Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар техникалық дайындықты, тактикалық шеберлікті, физикалық төзімділікті және командалық жұмысты талап ететін түрлі кезеңдерде бақ сынады. Мұндай іс-шаралар болашақ туризм мамандарының кәсіби құзыреттерін жетілдіруге әрі белсенді туризмді жастар арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Университет командасының құрамында кафедра студенттері Қажығали Мейрамбек, Мейірхан Пәрімбай, Бақдәулет Сапарбек, Әли Төлеген, Нұрай Нұрқапарова қатысты.

Команда мүшелері жоғары дайындықтарын көрсетіп, бірқатар жетістікке қол жеткізді. Спорттық бағдарлау бойынша Қажығали Мейрамбек 2-орынды иеленіп, жеке шеберлігін дәлелдеді. Сонымен қатар университет командасы кәсіби деңгейде дайындалған бейне-презентациясының арқасында «Үй тапсырмасы» номинациясы бойынша 1-орынды жеңіп алды.

Жарыстың үшкүндік қорытындысы бойынша ҚазҰУ жалпыкомандалық есепте 3-орын алды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі