- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы студенттер арасында “Golden Bell” викторинасын өткізді
Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы студенттер арасында “Golden Bell” викторинасын өткізді
Шығыстану факультетінде 24 қараша күні Корейтану апталығының ашылуы аясында Қиыр Шығыс кафедрасы корей бөлімі студенттері арасында интеллектуалдық «Golden Bell» викторинасын ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізіп шықты. Бұл іс-шара апталықтың салтанатты бастауына айналып, корей тілі, тарихы және мәдениетін насихаттауға бағытталған мазмұнды да бай бағдарламаға жол ашты.
Апталықтың ресми ашылуында Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Абаган А.Б. құттықтау сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралардың студенттердің танымдық көкжиегін кеңейтуге, мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті арттыруға және Кореяны тереңірек танып-білуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Іс-шара кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен өтті, олардың қатарында Хамитова Н.Е., Сон Юджонг, Амирбекова У.А., Ташкенбаева Б.Ж., Сайлаукенова А.Е., Бегалиева М.Б. және басқа мамандар бар.
Студенттер жоғары белсенділік танытып, Кореяның мәдениеті, тарихы мен дәстүрлері жөніндегі білімдерін жан-жақты көрсетті. Дұрыс жауаптарымен ерекшеленген қатысушылар арнайы сыйлықтар мен естелік тартулармен марапатталды.
«Golden Bell» викторинасы тек білім сайысы ғана емес, сондай-ақ студенттердің достық атмосферада бір-бірімен жақын араласып, Корея туралы қосымша мағлұмат алып, бірге уақытты көңілді өткізуіне зор мүмкіндік болды.
Басқа жаңалықтар