ҚазҰУ мен Цукуба университеті ТДМ саласында ынтымақтастықты дамытуда: ҚазҰУ қызметкерлері Жапонияға тұрақты даму бойынша тағылымдамаға шақырылдыFarabi University

ҚазҰУ мен Цукуба университеті ТДМ саласында ынтымақтастықты дамытуда: ҚазҰУ қызметкерлері Жапонияға тұрақты даму бойынша тағылымдамаға шақырылды

24 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының қызметкерлері 2025 жылғы 1–7 желтоқсан аралығында Жапонияның Цукуба университетінде академиялық тағылымдамадан өтуге ресми түрде шақырылды. Шақырту жапон тарапы тарапынан Campus-in-Campus бағдарламасы аясында және жаһандық Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ / SDGs) саласындағы ынтымақтастық негізінде берілді.

Тағылымдамаға қатысушылар:

  • Нұрұлы Е. - PhD Candidate, аға оқытушы;

  • Сапиева А.Ж. - PhD, аға оқытушы;

  • Нұрқызы Д. - магистрант, маман;

  • Қалиева А.Б. - докторант, оқытушы.

Тағылымдама бағдарламасы тұрақты даму мәселелеріндегі екі университет зерттеушілері арасындағы тәжірибе алмасуға бағытталған және жапондық тәжірибеге сүйене отырып Тұрақты даму мақсаттарының барлық 17 бағытын зерделеуді қамтиды - экологиялық мониторинг пен табиғи ресурстарды басқарудан бастап тұрақты туризмге, қалалық ортаны экологияландыруға, су және жер ресурстарын басқаруға, тұрақты даму бойынша білім беруге (ESD), сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға дейін.

Бағдарламада геоақпараттық технологиялар (GIS), цифрлық талдау әдістері және пәнаралық зерттеулерді ТДМ контексінде қолдануға ерекше назар аударылады:

  • SDG 11 - тұрақты қалалар мен қауымдастықтар,

  • SDG 13 - климаттың өзгеруімен күрес,

  • SDG 14 және 15 - теңіздік және құрлық экожүйелерін сақтау,

  • SDG 12 - жауапты тұтыну және өндіріс,

  • SDG 8 - тұрақты экономикалық өсу және жұмыспен қамту,

  • SDG 4 - сапалы білім беру және болашақ дағдыларын дамыту.

Тағылымдама барысында ҚазҰУ өкілдері жапондық ғалымдармен және докторанттармен кездесіп, олардың ТДМ-рын зерттеу институттары мен университеттік экожүйелер деңгейінде енгізу әдістемелерін зерделейді, сондай-ақ smart-туризм және аумақтардың тұрақтылығы бойынша өздерінің ғылыми зерттеу тәжірибелерін ұсынады.

Бұл тағылымдама Қазақстан мен Жапония арасындағы технологиялар мен білім алмасудың маңызды кезеңі болып табылады, ҚазҰУ қызметкерлеріне ТДМ-ды ғылым мен білім беруге енгізуде жапондық үздік тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрақты даму, климаттық жауапкершілік, цифрлық шешімдер және пәнаралық зерттеулер саласында ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастығын едәуір нығайтады.

Шақыру хаттары мен бағдарламаға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1g2Mpqhxh-8pDlUuiHcP3cYV2t2lkHANN?usp=sharing