ҚазҰУ-да Малайзиядан келген профессордың ашық дәрісі өтті
24 қараша 2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасында Малайзия халықаралық ислам университетінің беделді ғалымы, архитектура және экологиялық дизайн саласының жетекші маманы профессор Алиас бин Абдулла ашық дәріс оқыды.
Іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және мәдениет, дін және кеңістік арасындағы өзара байланысты талдау мақсатында ұйымдастырылды. Дәріс барысында профессор ислам өркениеті қағидаттарына негізделген урбинистикалық жоспарлау тәжірибелері туралы баяндап, «Малайзия білім беру жүйесіндегі құндылыққа бағдарланған білім беру» тақырыбында пікірталас өтті. Талқылау барысында профессор Малайзия тәжірибесінің ерекшеліктерін түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, екіжақты академиялық әріптестікті дамыту бойынша пікір алмастырумен жалғасты.
