- Басты бет
- Жаңалықтар
- УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСТІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСТІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
Университет басшылығы Әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай Әл-Фараби орталығы ұйымдастырған «Әл-Фараби апталығы» аясында өткен ғылыми байқауға қатысу барысында білім алушылардың дарынды қабілеттерін ашуға ықпал еткені және ғылыми жетекшілік қызметін атқарғаны үшін Картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі Асылбекова А.А. алғыс білдіреді.
Сонымен қатар кафедра докторанттарының ғылыми зерттеулерін жүргізуіне әдістемелік қолдау көрсетіп, олардың ғылыми жұмыстарының сапалы орындалуына жетекшілік еткені, басқарушылық тәжірибесі және ғылыми орта қалыптастыруға бағытталған еңбегі университет тарапынан ерекше құрметке лайық.
Аталған алғыс хатты Әл-Фараби орталығының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сүлейменов Пірімбек Мұханбетұлы табыс етті.
Алғыс хат Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, басқарма мүшесі – ғылыми инновациялық қызметті көрсету жөніндегі проректор М.К. Ибраимов атынан білдіріледі.
Басқа жаңалықтар