«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы «Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумының нәтижелеріFarabi University

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы «Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумының нәтижелері

25 қараша, 2025

География және табиғатты пайдалану факультетінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумы өз мәресіне жетті. Форумның негізгі мақсаты – жас зерттеушілер мен студенттердің экологиялық бастамаларын қолдау, тұрақты даму идеяларын ілгерілету және университеттің жасыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инновациялық жобаларды таныстыру.

Форум қорытындысы бойынша үздік жоба иегерлері төмендегідей анықталды:

Гран-при иегері: Мұхтаров Ұлан Байтурсынұлы, «8D05202 – География» білім беру бағдарламасы, 1-курс докторанты.

Жобаның тақырыбы: EcoMap Campus;

I орын иегерлері: Бахыт Жания Жомартқызы, Мұхтар Мадина Мерейқызы, «6B05203 – Гидрология» білім беру бағдарламасы, 3-курс студенттері.

Жобаның тақырыбы: ҚазҰУ өз энергиясын өзі өндіреді;

 

II орын иегерлері: Қасенғайыпова Ажар Мақсұтбекқызы, Берманова Айдана Сапақызы, «6B05202 – Экология» білім беру бағдарламасы, 4-курс студенттері.

Жобаның тақырыбы: Жасыл университет: пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы экологиялық сана қалыптастыру.

Форум барысында ұсынылған ғылыми және қолданбалы жобалар университеттің экологиялық мәдениетін арттыруға, ресурстарды тиімді пайдалану саясатын күшейтуге және жасыл кампус тұжырымдамасын дамытуға бағытталған инновациялық шешімдермен ерекшеленді.