Корейтану апталығы аясында Қиыр Шығыс кафедрасында арнайы дәрістер өттіFarabi University

Корейтану апталығы аясында Қиыр Шығыс кафедрасында арнайы дәрістер өтті

25 қараша, 2025

25 қараша күні Қиыр Шығыс кафедрасында Корейтану апталығы аясында Корей Республикасының Білім беру орталығының директоры Ким Хон Хван мырзаның және оңтүстіккореялық режиссер Ан Чже Хунның қатысуымен арнайы дәрістер ұйымдастырылды.

Корея Мәдениет орталығының директоры Ким Хон Хван мырза студенттерге корей тілін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану және болашақта білім беру үдерісінде ІІ технологияларын пайдалану мүмкіндіктері туралы дәріс оқыды. Лекция студенттердің қызығушылығын тудырып, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша белсенді пікір алмасты.

Танымал оңтүстіккореялық режиссер Ан Чже Хунның дәрісі де мазмұнды болды. Ол студенттерге өзі жасаған анимациялық туындыларын таныстырып, әрбір жұмыстың ерекшеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, режиссер өз еңбектерін Қазақстанның үлкен экрандарында көрсетуге ниетті екенін жеткізді. Студенттер дәріске зор қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.

Кездесу соңында режиссер Ан Чже Хун әр студентке қолтаңба беріп, олармен естелікке суретке түсті.