Молекулалық биология және генетика кафедрасының 4 курс студенті «Farabi GreenCampus: Таза университет» экофорумында 3-орын иелендіFarabi University

Молекулалық биология және генетика кафедрасының 4 курс студенті «Farabi GreenCampus: Таза университет» экофорумында 3-орын иеленді

26 қараша, 2025

 

Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының 4 курс студенті Қоламсақ Сәуле «Farabi GreenCampus: Таза университет» экологиялық жастар форумында FarabiGreen Point жобасын сәтті қорғап, 3-орынға ие болды.

FarabiGreen Point — университет кампусында қалдықтарды сұрыптауды жеңілдетуге арналған мобильді қосымша.

Жобаның негізгі мүмкіндіктері:

  • Қалдықтарды дұрыс сұрыптау: кампустың интерактивті картасы әр контейнердің түрін және орналасуын көрсетеді.
  • Мотивациялық жүйе: студенттер қалдық тапсырып, QR-кодты сканерлеу арқылы бонус балл жинайды. Жиналған балдарды кафе, кітапхана, спортзал және басқа да кампус қызметтерінде қолдануға болады.
  • Эко-челлендждер мен марапаттар: апталық және айлық экологиялық тапсырмалар студенттердің белсенділігін арттырады.
  • Инновациялық технологиялар: қалдықты автоматты тану (Machine Learning) және смарт-сенсорлар сұрыптау процесін жеңілдетеді.

FarabiGreen Point стартап-идеясының артықшылықтары:

  • кампустың тазалығын және экологиялық мәдениетін арттыру;
  • студенттердің экологиялық жауапкершілігін дамыту;
  • университеттің жасыл әрі инновациялық имиджін қалыптастыру;
  • қалдық көлемін азайту және қайта өңдеуді жеңілдету.

Қоламсақ Сәуле технология мен мотивация арқылы жасыл орта қалыптастырып, студенттердің күнделікті өміріне экологиялық әдеттерді енгізуді мақсат етеді.
Біз еліміздің болашағына бейжай қарамайтын осындай белсенді студенттерді мақтан тұтамыз және оның жобаны жүзеге асыруына табыс тілейміз.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы