- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғылым мен геосаясат тоғысқан дәріс: қытайтану кафедрасында халықаралық ахуал талқыланды
Ғылым мен геосаясат тоғысқан дәріс: қытайтану кафедрасында халықаралық ахуал талқыланды
2025 жылдың 26 қарашасында қытайтану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Мұқаметханұлы Нәбижан кафедраның жас ғалымдарына арналған ғылыми семинар өткізіп, «Халықаралық саяси жағдай: “жаңа салқын соғыс” және Қытай–Қазақстан қатынастарының даму беталысы» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинар барысында профессор халықаралық қатынастар жүйесіндегі негізгі үрдістерге, «жаңа салқын соғыс» ұғымының мазмұнына тоқталып, қазіргі әлемдегі геосаяси ахуалға жан-жақты талдау жасады. Сондай-ақ Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси-экономикалық байланыстардың даму динамикасы кеңінен сөз болды. Мемлекеттер арасындағы әскери бәсекелестіктің күшею үрдісін атап өткен профессор Мұқаметханұлы Қазақстанның әлсіз және мықты тұстарына терең сараптама жасады.
Дәріс соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жас ғалымдар өз пікірлерін ортаға салды. Семинар өзекті тақырыпты талқылауға арналған маңызды ғылыми алаңға айналды.

Басқа жаңалықтар