Ұлттық киімді дәріптеген апталықFarabi University

Ұлттық киімді дәріптеген апталық

17 қараша, 2025

Біздің еліміз – көпұлт­ты мемлекет. Қазақстан­да көптеген этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Мемлекеттік саясат халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуды көздейді. Қазақ мәдениеті еліміздегі этносаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарады.

Қазақстанда өмір сүретін түрлі этнос өкілдері қазақтың ұлттық дәстүрі мен болмыс-бітімін жақсы түсінеді. Мә­се­лен, қазақтың ұлттық киімі мә­де­ни мұра мен ұлттық бі­­р­е­­гейлікті сақтауда үлкен ма­ңызға ие. Ұлттық киім ха­лық­тың тарихын, дүниета­ны­мын және дәстүрлерін бей­не­лей отырып, ұрпақтан-ұрпаққа қазақ халқының құндылықтары мен эстетикалық түсініктерін жеткізеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және сая­саттану факультетінде Ұлт­тық киім апталығы өтті. Ап­та­лыққа психология мамандығы бойынша білім алатын (орыс тобы) 1-курс студенттері бел­сен­ді қатысты. Олар апталық бойы ұлттық киімнің мән-мағынасына қанықты. Мысалы, жастардың киетін киімі мен үлкендерге арналған киімдер­дің қандай ерекшелігі болған, олар қалай тігілген, қандай ою-өрнек қолданған – соған қа­тысты толыққанды мәлімет алды. Жас қыздар мен келін­шек­тердің киетін киімінде қан­дай айырмашылық, өзгерістер болған, бұл жайында да тың дерек берілді. Мұндай апта­лық­тар ұлттық киімді дәріп­теу­ге, құрметтеуге негізделеді. Жас­тар арасында ұлттық киім­ді, дәстүр мен мәдениетті на­си­хаттау – достық пен түсі­ніс­тікті нығайтады.

Мемлекетіміздің  негізгі құн­дылықтары – бір-бірімізге деген құрмет, қонақжайлылық, өзара көмек және төзімділік. Бұл қасиетіміздің бәрі түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты тереңдетуге ықпал етеді. Осы күні қазақ тілі мен мәдениеті ел тұрғындарын біріктіріп, рухани бірліктің символына айналды.

 

Жарас СЕЙІТНҰР,

Жалпы және

 қолданбалы психология кафедрасының

ассистент-профессоры