- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қалпына келтірілетін қалдықтардан экологиялық таза пластикалық ыдыс жасау технологиясын әзірлеу» жобасы Farabi Green Campus форумында III дәрежелі дипломмен марапатталды
«Қалпына келтірілетін қалдықтардан экологиялық таза пластикалық ыдыс жасау технологиясын әзірлеу» жобасы Farabi Green Campus форумында III дәрежелі дипломмен марапатталды
2025 жылғы 19 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Farabi GreenCampus: Таза университет» жастар экологиялық форумы өтті. Форум студенттік аудитория арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру, ғылыми бастамаларды қолдау және тұрақты технологияларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Форум аясында қатысушылар ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды азайту, су және ауа экожүйелерін қорғау, сондай-ақ энергияны үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз шешімдерді енгізу тақырыбында жобаларын таныстырды. Әсіресе биология және биотехнология кафедрасының 4 курс бакалавры Мухамбетжанова Аружанның «Қалпына келтірілетін қалдықтардан экологиялық таза пластикалық ыдыс жасау технологиясын әзірлеу» жобасы ерекше назар аударды. Жоба дәстүрлі пластикалық ыдысқа қауіпсіз және экологиялық таза баламаны жасауға арналған инновациялық тәсілді ұсынады және тұрақты дамудың контексінде практикалық маңызы зор. Жобаның ғылыми және практикалық құндылығы үшін үшінші орын беріліп, 30 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.
Мухамбетжанова Аружан осындай форумдарға қатысу жас зерттеушілерге өз ғылыми жұмыстарын көрсетуге, тәжірибе алмасуға, сыни талдау және инновациялық шешімдерді практикалық түрде қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Farabi GreenCampus» форумы студент жастардың экологиялық және ғылыми-техникалық жобаларға қатысуының маңыздылығын көрсетті және академиялық зерттеулерді практикалық бастамалармен үйлестіру арқылы қазіргі заманғы экологиялық мәселелерді шешу әлеуетін паш етті.
Басқа жаңалықтар