"ҚАЛДЫҚСЫЗ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ"
2025 жылдың 25 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасында Тұрақты даму мақсаты 15 – Жер үсті экожүйелерін сақтау аясында «Қалдықсыз өндіріс технологиялары: Қара сарбаз шыбынымен органикалық қалдықтарды қайта өңдеу» өзекті мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты Hermetia illucens дернәсілдерін пайдалана отырып, органикалық тамақ қалдықтарын қайта өңдеудің инновациялық, экологиялық таза технологиясын әзірлеу және енгізуді талқылау. Бұл технология тұйық биологиялық цикл құруға, қалдықтарды азайтуға және екінші реттік ресурстарды (ақуыз, тыңайтқыштар) жасауға, осылайша қоғамды қалдықсыз өндіріс пен тұрақты дамудың болашағына жақындатуға бағытталған. Табиғат пен технологияның үйлесімі – тұрақты болашақ кепілі деген қорытынды жасалды.
Іс-шараға қатысушылар биотехнология кафедрасының оқытушылары: Н.С. Мамытова, К.А. Мухатаева және Г.Д. Ултанбекова. Биотехнология мамандығы бойынша оқитын төртінші курс студенттері (ағылшын тілі бөлімі) және биотехнология мамандығы бойынша оқитын бірінші курс магистранттары.


Басқа жаңалықтар