Хидео Хасэгава профессорының (Ниигата Университеті) көшбасшылық дәрісіFarabi University

Хидео Хасэгава профессорының (Ниигата Университеті) көшбасшылық дәрісі

28 қараша, 2025

 

2025 жылдың 26 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасына Жапонияның Ниигата Университеті Тұрақты ауыл шаруашылығы орталығының және Азия ынтымақтастық және зерттеу орталығының директоры Хидео Хасэгав келді.

Сапар аясында профессор Хасэгава көшбасшылық дәріс оқып, Ниигата префектурасындағы ауыл шаруашылығын цифрландыру және орнықты агроөндіріс бойынша жаңа бастамаларды таныстырды. Дәріс барысында ол келесі бағыттар бойынша жан-жақты ақпарат берді:

· ауыл шаруашылық жерлерін БПЛА және аэрофототүсірілім арқылы мониторинг ету технологиялары;

· топырақтағы көміртек, органикалық заттар, рН және электрөткізгіштікті өлшеуге, сондай-ақ топырақ құнарлылығының вариативтілік карталарын құрастыруға мүмкіндік беретін тракторлық топырақ анализаторлары;

· цифрлық метеостанциялар, роботтандыру, көміртек ағындары, жылу және су ресурстарын кеңістіктік талдау платформалары;

Ниигата Университетінде агроэкожүйелер, цифрлық ауыл шаруашылығы және деректер ғылымы бойынша жоғары білікті кадрларды даярлау бағдарламалары.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттары мен докторанттарының Ниигата Университетінің білім беру бағдарламаларына, ғылыми-зерттеу жобаларына, қысқа мерзімді тағылымдамаларға және халықаралық зерттеу бастамаларына қатысу мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды.

Дәрістен кейін профессор кафедра меңгерушісі және оқытушылармен кездесу өткізіп, Ниигата Университеті мен география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы арасындағы болашақ ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Келесі басым бағыттар:

· топырақтану, топырақ құнарлылығын мониторингтеу, органикалық көміртек және агроландшафттардың жағдайын зерттеу бойынша бірлескен ғылыми жобалар;

· орнықты ауыл шаруашылығы, агроэкологиядағы цифрлық технологиялар және жер ресурстарын басқару саласындағы жобаларды әзірлеу;

· студенттер мен ғылыми қызметкерлер алмасу;

· бірлескен тренингтер, далалық мектептер және тағылымдамалар ұйымдастыру;

· халықаралық гранттық бағдарламаларға және консорциумдарға қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Профессор Хидео Хасэгава сапары кафедраның халықаралық байланыстарын нығайтуға маңызды үлес қосып, ауыл шаруашылығы, топырақтану және жер пайдаланудың цифрлық технологиялары бағыттарында ғылыми ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашты.