- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Химиялық физика және материалтану кафедрасының» докторанттарының ұйымдастырылуымен 4 курс студенттеріне «Салауатты өмір салты-жарқын болашақтың кілті» тақырыбында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытында ашық тәрбие сағаты өткізілді
«Химиялық физика және материалтану кафедрасының» докторанттарының ұйымдастырылуымен 4 курс студенттеріне «Салауатты өмір салты-жарқын болашақтың кілті» тақырыбында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытында ашық тәрбие сағаты өткізілді
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл кедейлік жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. Тұрақты дамудың негізгі элементі салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Педагогикалық практика аясында «Химиялық физика және материалтану кафедрасының» докторанттары 27.11.2025 ж. 4 курс студенттеріне «Салауатты өмір салты-жарқын болашақтың кілті» тақырыбында Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытында ашық тәрбие сағатын өткізді. Докторанттар өз презентацияларында салауатты өмір салтының маңыздылығы, дұрыс тамақтану, спорт пен психологиялық теңгерімділіктің рөлі туралы ақпарат берді. Презентация арқылы қатысушыларға негізгі ұғымдар, статистикалық мәліметтер және көрнекі суреттер көрсетіліп, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі салауатты өмір салтының орны түсіндірілді. Оқушылар арасында бірнеше кезеңнен тұратын сайыс ұйымдастырылды. Студенттер 3 топқа бөлініп, келесі сұрақтарға жауап берді: Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері қандай? Бұл жолда қандай кедергілер кездеседі? Жан дүниенің тыныштығы мен рухани тепе-теңдік – адамның денсаулығына қандай ықпал етеді? Спорт адам өмірінің сапасына қалай әсер етеді? Байқау дискуссия және тест сұрақтары ретінде өтілді. Жарыс қорытындысы бойынша командалар сыйлықтармен марапатталды. «Бұл тақырып студенттерге тек жеке денсаулығы мен өмір салтын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар елдің тұрақты дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы студенттер өздерінің болашағын нығайтып қана қоймай, еліміздің денсаулық сақтау, білім беру және экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, олар Тұрақты даму мақсаттарына жетуде белсенді азаматтық позицияны қалыптастырады.
Педагогикалық практика жетешісі д.х.н., профессор Абдулкаримова Р.Г.
«Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандық докторанты Асанбек Назым
Басқа жаңалықтар