Ректор жаңа цехты тексердіFarabi University

Ректор жаңа цехты тексерді

1 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев жаңадан ашылғалы жатқан сүт өнімдерін дайындайтын цехтың жөндеу жұмыстарымен танысты. 

Қазіргі таңда мұнда ішкі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ғылыми орталық 2026 жылдың басында ашылады деп жоспарлануда.

Аталған цехта ешкі және бие сүтінен  әзірленген «Арғымақ» йогурты пен сүзбесі шығарылады. 200 шаршы метр аумақты қамтитын орталық заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен қамтылады. Жоба жетекшісі Аида Қыстаубаеваның айтуынша, цех тәулігіне 13 мың дана дайын өнім шығаруға қауқарлы.

ҚазҰУ зерттеушілері әзірлеген өнім жүрек ауруларының алдын алуға, асқазан-ішек жолдарын қалыпқа келтіруге және иммунитетті көтеруге көмектеседі. Инновациялық жоба толық сертификатталып, патенттелген.

Жансейіт Түймебаев жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді, сонымен қатар орталықтың ашылу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ ҚазҰУ басшысы университет қалашығын аралап, тас төсеніштерді қалыпқа келтіру, ғимарат алдындағы алаңдарды көріктендіру, көгалдандыру және жалпы абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жеке бақылап шықты.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі