- Басты бет
- Жаңалықтар
- «СПИД және иммундық жүйе: Денсаулықты қорғау – өз қолымызда» тақырыбында іс-шара өткізілді
«СПИД және иммундық жүйе: Денсаулықты қорғау – өз қолымызда» тақырыбында іс-шара өткізілді
2025 жылғы 1 желтоқсан күні университет қабырғасында зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы Мауленова С.С. 6B05102-Биология мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР) бағдарламасы аясында «СПИД және иммундық жүйе: Денсаулықты қорғау – өз қолымызда» тақырыбында жақсы денсаулық және әл-ауқат бағыттағы іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге АИТВ/СПИД індетінің алдын алу жолдарын түсіндіру, иммундық жүйенің адам өміріндегі рөлін ашып көрсету, қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында жауапкершілік пен өз денсаулығына деген саналы көзқарас тәрбиелеу. Сонымен қатар, АИТВ-ның берілу жолдары мен берілмейтін жағдайларын нақты түсіндіру, қоғамдағы стигма мен жалған ақпараттың алдын алу міндеттері қойылды.

Шара барысында иммундық жүйенің қызметі, оның әлсіреу себептері, АИТВ вирусының ағзаға әсер ету механизмі, ерте диагностиканың маңызы және тиімді емдеу тәсілдері туралы түсіндірме жасады. Студенттер қауіпсіз мінез-құлық нормалары, өзін және жақындарын қорғау шаралары, ерікті түрде тест тапсырудың маңыздылығы жөнінде өз пікірлерін бөлісті.
Іс-шараның өткізілуі ТДМ №3 – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға үлес қосады.
Басқа жаңалықтар