«Жасыл химия және оның қағидалары»
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттерге арналған “Жасыл химия және оның принциптері” тақырыбында танымдық семинар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – экологиялық қауіпсіз технологияларды насихаттау, заманауи химиядағы жасыл әдістердің маңызын түсіндіру және студенттердің тұрақты даму құндылықтарына деген көзқарасын қалыптастыру. Семинар барысында жасыл химияның 12 қағидаты, зиянды реагенттерді алмастыру тәсілдері, қалдықсыз және энергия үнемдейтін өндіріс технологиялары таныстырылды. Сонымен қатар, нақты мысалдар арқылы қоршаған ортаға зиянды азайтатын химиялық процестердің артықшылықтары талқыланды. Семинар ТДМ-ның ТДМ 3, 6, 7, 12, 13 бірнеше бағытын қамтыды. Семинар барысында студенттер белсенді сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салып, жасыл технологиялардың қоғам мен табиғат үшін маңызын жан-жақты талқылады.
Басқа жаңалықтар