Магистратура және PhD бағдарламалары: халықаралық ғылыми зертханаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін негізгі дағдылар тақырыбында кездесуFarabi University

Магистратура және PhD бағдарламалары: халықаралық ғылыми зертханаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін негізгі дағдылар тақырыбында кездесу

3 желтоқсан, 2025

«Магистратура және PhD бағдарламалары: халықаралық ғылыми зертханаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін негізгі дағдылар» тақырыбында молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі Ж.К.Жунусбаева мен «8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Ержан Арайлым Ерғалиқызы бакалавр студенттерімен кездесу өткізіп, оларға өзінің ғылыми жолы, академиялық тәжірибесі және болашақтағы ғылыми мақсаттары туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында ол ғылым мен денсаулық сақтау саласының тұрақты болашақ қалыптастырудағы рөлін түсіндіріп, бұл бағыттардың БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланыста екенін атап өтті. Өз тәжірибесіне сүйене отырып, Арайлым жас зерттеушілердің ғылыми ізденіс арқылы жаһандық мәселелерді шешуге нақты үлес қоса алатынын ерекше көрсетті.

Докторант А.Ержан докторантура аясында орындалып жатқан «Қазақстандағы Helicobacter pylori штаммдарының молекулалық-генетикалық сипаттамасын зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысымен таныстырды. Бұл зерттеу халық денсаулығын жақсартуға, асқазан ауруларының алдын алуға және микробиологиялық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Зерттеу бағыты БҰҰ-ның 3-мақсаты - «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» қағидаттарымен толық сәйкес келеді.

Шара мазмұнды әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, студенттер үшін үлкен мотивация көзіне айналды. Ол олардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыра түсті. Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұжымы Ержан Арайлымға диссертациялық жұмысын табысты аяқтап, болашақта ғылымның жарқын жұлдызы болуына тілектестік білдіреді.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы