«ТДМ - дарды жүзеге асыру: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: идеядан докторлық диссертацияны қорғауға дейін» атты семинарFarabi University

«ТДМ - дарды жүзеге асыру: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: идеядан докторлық диссертацияны қорғауға дейін» атты семинар

4 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 4 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінде, Түркология және тіл теориясы кафедрасында «ТДМ-дарды жүзеге асыру: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру: идеядан докторлық диссертацияны қорғауға дейін» атты семинар өтті. Семинарға Өзбекстан Республикасының Бұхара мемлекеттік университетінің профессорлары қатысып, төмендегідей құрамда болды: Бобокалонов Одилшох Остонович - кафедра меңгерушісі, PhD, доцент; Адизова Ободон Истамовна - кафедра профессоры, DSc; Хамидова Муборак Хафизовна - кафедра доценті, DSc; Нарзуллаева Дилфуза Бафаевна - кафедра ғылыми қызметкері, француз тілі оқытушысы.

  Семинарды Түркология және тіл теориясы кафедрасының профессоры Мадиева Гульмира Баянжановна жүргізіп, докторанттар мен магистранттардың кәсіби құзыреттілігін дамыту және диссертация қорғауға дайындау мақсатында өткізілді. Семинарға сондай-ақ кафедра оқытушылары қатысты: Кондыбаева Раушан Жұмакерімқызы - Түркология және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD; Исмаилова Нұргүл Ахметханқызы - кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша орынбасары, аға оқытушы; Алдашева Камар Сагингалиевна - кафедра доценті.

    Сондай-ақ келесі білім беру бағдарламаларының докторанттары мен магистранттары қатысты: "6D011900: Шетел тілі: екі шетел тілі" докторанттары, "8D02303: Лингвистика" докторанттары, "8D02208: Түркология" докторанттары, "7M02303: Лингвистика " магистранттары.

   Семинардың мақсаты – қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, екі университеттің оқытушылары арасында тәжірибе алмасу, ғылыми жұмысты ұйымдастыру және докторлық диссертацияны дайындаудың заманауи тәсілдерін талқылау.

    Семинар барысында қатысушылар зерттеу жұмысын жоспарлау, зерттеу әдістерін таңдау, диссертациялық материалдарды рәсімдеу және қорғауға дайындық мәселелерін талқылады. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті және Өзбекстаннан келген профессорлардан кәсіби кеңестер алды.

   Семинар қорытындысында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда кешенді тәсілдің маңыздылығы атап өтілді және докторанттар мен магистранттардың ғылыми жұмысын әрі қарай жетілдіруге арналған ұсыныстар берілді.

    Ұйымдастырушы: Түркология және тіл теориясы кафедрасы, профессор Мадиева Гульмира Баянжановна, аға оқытушы Кондыбаева Раушан Жұмакерімқызы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша орынбасары, аға оқытушы Исмаилова Нургүл Ахметханқызы және кафедра доценті Алдашева Камар Сагингалиевна.