- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Болашақ ғалымдар» халықаралық жобасының ашылуы өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Болашақ ғалымдар» халықаралық жобасының ашылуы өтті
2025 жылдың 8-9 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде А.С. Пушкин атындағы Ресей тілі мемлекеттік институтының ректоры Никита Владимирович Гусевтің, сондай-ақ Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Болашақ ғалымдар» халықаралық жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жоба екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға, сондай-ақ білім, ғылым және инновациялар саласындағы озық идеяларды ілгерілетуге бағытталған.

Кең ауқымды серіктестік форматындағы бұл іс-шара бірлескен ғылыми бастамалардың маңыздылығын айқындап, академиялық мобильділікке, тәжірибе алмасуға және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын көрсетті.

Іс-шара барысында ғалымдар дәрістер, мастер-класстар, ғылыми жобалардың таныстырылымдарын өткізді, сондай-ақ заманауи ғылыми бағыттар аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Бағдарлама аясында «Орыс тілі және мәдениеті» орталығы базасында жұмыс істейтін Халықаралық ОТШТР тестілеу орталығы ашылды.

Кездесу қатысушылары мен қонақтары филология факультетінің деканы, ҚР ҰҒА академигі Жолдасбекова Баян Өмірбекқызына, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Демченко Алёна Сергеевнаға, сондай-ақ «Орыс тілі және мәдениеті» орталығының директоры Бегалиева Сауле Баязовнаға іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Басқа жаңалықтар