Кадир Хаш университетінің профессоры Метин Козактың лидерлік дәрісі
Рекреациялық география және туризм кафедрасында Стамбул қаласындағы Кадир Хаш университетінің коммуникация факультетінің деканы, PhD, профессор Метин Козактың лидерлік дәрісі өткізілуде. Іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары ғылыми жетістіктері бар шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Дәріс барысында профессор Метин туристік индустриядағы стратегиялық коммуникацияның заманауи тәсілдерін, цифрлық медианың дестинация имиджін қалыптастырудағы рөлін, сондай-ақ туристік аумақтарды басқарудағы орнықты даму тәжірибелерінің маңызын аша түседі. Түркия мен басқа елдердегі инновациялық зерттеу әдістерінің мысалдары талқыланып, студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейтуге бағытталған мазмұн ұсынылады.

Студенттер дәріс тақырыбына ерекше қызығушылық танытып, пікірталасқа белсенді қатысады, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсынылған материалдың болашақ кәсіби қызмет үшін практикалық маңызын атап өтуде.
Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес профессордың сапары тек дәрістер өткізумен шектелмей, сонымен қатар:
– PhD докторанттарына консультациялар жүргізуді;
– кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлескен ғылыми және білім беру қызметінің мүмкіндіктерін талқылауды;
– коммуникация, туризм және тұрақты даму салаларындағы тәжірибе алмасуды;
– халықаралық жобаларды бірлесіп әзірлеуді қамтиды.

Бұл сапар академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, ғылыми байланыстарды нығайтуға және туризм мен қонақжайлылық саласы мамандарын даярлаудың сапасын арттыруға елеулі үлес қосады.

Басқа жаңалықтар