- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында бірінші курсқа түскен шетелдік студенттермен кездесу өтті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында бірінші курсқа түскен шетелдік студенттермен кездесу өтті
Желтоқсанның 4 күні шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі Б.М. Айтбаева университетке биыл қабылданған белсенді шетелдік студенттермен арнайы кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – жаңа оқу жылын жаңа ортада бастаған студенттерді кафедра жұмысымен таныстыру, оқу процесіне бейімделуге көмектесу және олардың алғашқы әсерлерін, сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдау болды.
Студенттер өздерін таныстырып, Қазақстанға алғаш келгендегі әсерлерімен, оқу мен тұрмысқа бейімделу барысымен бөлісті. Олар қазақ және орыс тілдерін меңгеруге деген қызығушылықтарын білдіріп, тіл үйренудің алғашқы қадамдары туралы айтты.
Б.М. Айтбаева студенттерге кафедраның оқу бағдарламалары, тілдік қолдау түрлері, қосымша курстар, клубтар және академиялық кеңес беру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ университеттің шетелдік студенттерге жасайтын қолдауы мен кампустық инфрақұрылымның қолайлы жақтарын атап өтті.
Кездесу жылы әрі бейресми форматта өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, алдағы оқу кезеңіне қатысты пікірлерімен бөлісті. Мұндай ашық диалог жаңа ортаға енген студенттердің сенімділігін арттырып, олардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Кафедра меңгерушісі Б.М. Айтбаева бірінші курс студенттеріне табысты оқу, жаңа білім мен тәжірибеге ашық болуды тілеп, олардың әрқайсысына академиялық қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Айтбаева Б.М., қауымдастырылған профессор,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктерлдің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Басқа жаңалықтар