"Целинный" заманауи мәдениет орталығыFarabi University

"Целинный" заманауи мәдениет орталығы

29 қараша, 2025

2025 жылдың 29 қарашасында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Аида Туребековна Жусанбаева мен Айнаш Ильясовна Ахметжанова шығыстану факультетінің, механика-математика факультетінің және инновациялық технологиялар факультетінің 1- 2курс студенттерімен бірге "Целинный" заманауи мәдениет орталығына барды.

Экскурсия барысында студенттер гидтің қызықты дәрісін тыңдады, ол студендтерді ғимараттың тарихымен таныстырды, бұрынғы "Целинный" кинотеатры, кеңестік кезеңнің ең маңызды сәулет ескерткіштерінің бірі еді. Қатысушылар оның мәдени тарихын, қайта құрылуы және қазіргі заманғы өнер кеңістігіне айналғаны жайлы білді, ол бүгінде көрме, пікірталастар өткізетін және білім беретін орынға айналды.

Барсакелмес тауының тарихы ерекше қызығушылық тудырды, ол аңыз-әңгімелер, ғылыми зерттеулер және экологиялық бастамалармен байланысты ерекше табиғи және тарихи орын болып табылады. Студенттер аймақтың табиғи ерекшеліктері, өткені және Қазақстан үшін қазіргі маңыздылығы жайлы білді.

«Целинный» заманауи мәдениет орталығына бару мәдени сауаттылықты дамыту, көкжиекті кеңейту және аналитикалық ойлауды дамыту арқылы 4-ші Тұрақты даму мақсатын, яғни «Сапалы білім беруді» жүзеге асыруға үлес қосады.

Сонымен қатар, студенттердің қаланың мәдени өміріне қатысуы 11-ші Тұрақты даму мақсатының, яғни «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтардың» мақсаттарын көрсетеді, мәдени мұраны сақтау мен заманауи қоғамдық кеңістіктерді дамытудың маңыздылығын айқындайды.

Студенттер экскурсияның Қазақстанның мәдени және тарихи процестерін тереңірек түсінуге мүмкіндік бергенін және қазіргі заманғы мәдениет пен өнерді одан әрі зерттеуге шабыт бергенін атап өтті.