- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік күні: «Қазақстан туралы 16 факт» ақпараттық посттар жариялау жобасы
Тәуелсіздік күні: «Қазақстан туралы 16 факт» ақпараттық посттар жариялау жобасы
2025 жылғы 12 желтоқсанда «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3-курс студенттері Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған «Қазақстан туралы 16 факт» атты ақпараттық посттар жариялау жобасына қатысты. Жобаның мақсаты – жастар арасында патриоттық сана қалыптастыру, ел тарихы мен мәдени ерекшеліктерін заманауи форматта насихаттау.
Жоба аясында оқытушы тарапынан Қазақстан туралы 16 маңызды мәлімет ұсынылды. Студенттер бұл фактілерді 4 топқа бөліп, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында 4 бөлек пост ретінде жариялады. Әр постта 4 факт қамтылып, әртүрлі стильде безендірілді.
Бастама келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
- студенттердің медиа сауаттылығын арттыру;
- ақпараттық мәтін құрастыру дағдыларын дамыту;
- жастар аудиториясы арасында Қазақстан туралы танымдық ақпараттарды кеңінен тарату.
Жоба нәтижесінде студенттер әлеуметтік желілерде патриоттық мазмұнды белсенді түрде насихаттап, ел Тәуелсіздігіне қатысты маңызды деректерді көпшілікке тиімді жеткізді.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Қартабаева А.А. және 3-курс «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері.
Басқа жаңалықтар