«Жетісу – тарихтан тағылым» тақырыбындағы дәрісті Қалыш Аманжол Боранбайұлы мектеп оқушыларына арнап оқыды.Farabi University

«Жетісу – тарихтан тағылым» тақырыбындағы дәрісті Қалыш Аманжол Боранбайұлы мектеп оқушыларына арнап оқыды.

9 желтоқсан, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 — «Мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастық» бағыты аясында 9 желтоқсан сағат 12:00 -де  9,10,11 сыныптарға  арналған  "Жетісу - тарихтан тағылым" тақырыбында  ғалымдармен   кездесу  өтті. Кездесудің мақсаты:

* Оқушыларға Жетісу өңірінің ежелгі және ортағасырлық тарихы, мәдени мұрасы туралы терең әрі ғылыми тұрғыдан мағлұмат беру.

* Қонақтар Қалыш Аманжол Боранбайұлы мен Қарабасов Жандарбек Қырықбайұлының ғылыми еңбектері мен зерттеулері арқылы жастардың отаншылдық көзқарасын қалыптастыру.

* Жетісу тарихының қазіргі Қазақстанның рухани дамуындағы орнын таныту және тарихи сананы арттыру.    Кездесу туралы жалпы мәлімет:

“Жетісу – тарихтан тағылым” атты кездесу – оқушыларға аймақ тарихының мәдени-рухани құндылығын көрсетуді мақсат ететін танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара  болды. Кездесуге Жетісу өңірінің зерттеушілері, тарихшылар Қалыш Аманжол Боранбайұлы және Қарабасов Жандарбек Қырықбайұлы шақырылды. Олар Жетісу өлкесінің археологиясы, этнографиясы, тарихи орындары мен маңызды кезеңдері туралы өз тәжірибесімен, ғылыми зерттеулерімен бөлісті.