Жапонтанушы студенттердің IV онлайн халықаралық форумыFarabi University

Жапонтанушы студенттердің IV онлайн халықаралық форумы

10 желтоқсан, 2025

10 желтоқсан күні жапонтанушы студенттердің IV онлайн халықаралық форумы өтті. Форумға 6 елдің университеті қатысты: Баку мемлекеттік университеті (Әзірбайжан), Чанаккале Онсекиз Март университеті (Түркия), София университеті (Болгария), Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Ресей), Тегеран университеті (Иран)және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.  Форум «Жасанды интеллектінің жапон тілін оқыту ісіне әсері» атты тақырыпта өтті. Әр университеттің жапонтанушы студенттері осы тақырып аясында жапон тілінде 15 минуттан презентация жасап, өз тәжірибелері мен пікірлерін бөлісті. Форум соңында шағын пікірталас болды.

Форумға Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің  4 курс студенттері Бекболат Мирас, Дюсембай Анель, Капенова Дария қатысып, «Жапон тілін оқытудағы жасанды интеллектінің мәселелері мен болашағы» деген тақырыпта презентация жасады.

Форумның мақсаты - болашақ жапонтанушылар тек жапон тілін, мәдениетін, тарихын ғана оқып қоймай, жапон тілі арқылы басқа да болашақ жапонтанушылармен пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісу.