- Басты бет
- Жаңалықтар
- Физика-техникалық факультетінің студенттері «Инженерлік ғылымдар бойынша Қысқы университетте» 2-орынға ие болды. ТДМ 4 және ТДМ 9
Физика-техникалық факультетінің студенттері «Инженерлік ғылымдар бойынша Қысқы университетте» 2-орынға ие болды. ТДМ 4 және ТДМ 9
2025 жылғы 24 қараша мен 7 желтоқсан аралығында С.П. Королёв атындағы Самара ұлттық зерттеу университеті базасында, Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, халықаралық білім беру интенсиві — «Инженерлік ғылымдар бойынша Қысқы университет» өтті. Бағдарлама келесі бағыттарды қамтыды:
• Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді жобалау және құрастыру;
• Авиакосмостық жүйелер инженериясы;
• Aerospace Systems Engineering.
Интенсив жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің студенттері қатысып, жоғары деңгейдегі инженерлік дайындық пен үйлесімді командалық жұмыс көрсетті.
Жобалық қорғау нәтижелері бойынша факультет командасы құрметті 2-орынды иеленді. Ресми хаттамаға сәйкес, Sky Innovation командасы «Авиакосмостық жүйелер инженериясы» бағыты бойынша 2-орын алды. Бұл жетістік — авиация және ғарыш технологиялары саласындағы инновациялық инженерлік жобаны әзірлеу мен қорғаудың нәтижесі.
Ұйымдастырушылар ҚазҰУ студенттерінің жоғары теориялық және практикалық дайындығын, инженерлік модельдеу дағдыларын, заманауи цифрлық құралдарды қолдану қабілетін және аэрокосмостық міндеттерді шешудегі шығармашылық көзқарасын ерекше атап өтті.
Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысы
Физика-техникалық факультет студенттерінің халықаралық инженерлік мектептерге қатысуы келесі БҰҰ ТДМ жетістіктеріне үлес қосады:
• ТДМ 4 – Сапалы білім: «Қысқы университет» бағдарламасы студенттердің инженерлік және зерттеу құзыреттерін күшейтеді, бәсекеге қабілетті кадрлық әлеует қалыптастырады;
• ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: аэрокосмостық технологияларды меңгеру және тәжірибеге бағытталған жобаларға қатысу Қазақстанның жоғары технологиялық салаларын дамытуға жағдай жасайды.
Физика-техникалық факультет бұдан әрі де студенттердің халықаралық инженерлік мектептерге, байқаулар мен ғылыми бағдарламаларға қатысуын қолдай отырып, елдің жоғары білікті инженерлік кадрларын даярлау үдерісін жалғастырады.
Басқа жаңалықтар