- Басты бет
- Жаңалықтар
- Физика-техникалық факультетінің Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері Қазақстан жас ғалымдарының II Конгресінің ашылу салтанатына қатысты. ТДМ 4 және ТДМ 17
Физика-техникалық факультетінің Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері Қазақстан жас ғалымдарының II Конгресінің ашылу салтанатына қатысты. ТДМ 4 және ТДМ 17
2025 жылғы 11 желтоқсанда «Ғылым ордасы» ғимаратында ЮНЕСКО-ның «Сенім, түрлену және ертеңгі күн: 2050 жылға қажет ғылым» тақырыбына арналған, халықаралық қатысумен өткен Қазақстан жас ғалымдарының II Конгресінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері Конгрестің ашылу салтанатына қатысты. Конгресс бағдарламасы аясында факультет өкілдері қатысушылар мен шақырылған қонақтарға арналған ресми іс-шараларға, соның ішінде гала-кешке қатысты.
Физика-техникалық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарының Конгреске қатысуы төмендегі Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асуына ықпал етті:
-
ТДМ 4 – «Сапалы білім» — кәсіби және зерттеушілік құзыреттерді дамыту, сондай-ақ заманауи ғылыми күн тәртібіне белсенді тарту арқылы;
-
ТДМ 17 – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» — жоғары оқу орындары арасындағы және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту есебінен.
Басқа жаңалықтар