Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушыларының қатысуымен шетел филологиясы 4-курс студенттері тобында Тәуелсіздік күніне орай «Еркіндікке апарар жол» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Бүгін Әл-Фараби атындағы КазҰУ шет тілі және аударма ісі кафедрасының ШФ және АІ топтарының 1 курс магистранттары мен аға оқытушысы Ә.Ж. Байелінің қатысуымен және аға оқытушы Л.Б. Нағиятованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай арнайы тәрбие сағатын ұйымдастырды. Іс-шара барысында Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдерге шолу жасалды. Сабақ хандық дәуірден бастап, елдің тәуелсіздік жолындағы күресіне арналды. Абылай хан мен Кенесары Қасымұлының ұлттық тұтастық пен азаттық жолындағы тарихи қызметі кеңінен сөз болды.. Келесі бөлімде XX ғасырдың басындағы Алаш қозғалысының маңызы талқыланып, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов сынды тұлғалардың ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі көрсетілді. Ал негізгі мазмұны1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналды. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сияқты жас батырлардың ерлігі ерекше атап өтілді. Олардың әділетсіздікке қарсы шыққан батылдығы тәуелсіздікке жол ашқан маңызды тарихи кезең ретінде бағаланды.
Сонымен қатар іс-шара аясында бейнеролик көрсетіліп, тақырып бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер тәуелсіздіктің мәні, ұлттық бірлік пен бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі туралы ойларымен бөлісті.
Сабақ соңында тәуелсіздіктің ел тарихындағы орны мен маңызы қорытындыланып, жастар бойында патриоттық рухты қалыптастырудың өзектілігі атап өтілді.
Л.Б. Нагиятова,
1-курс ИФ және ПД мамандықтары магистранттары тобының эдвайзері