ТДМ-4 2025 жылдың 12 қаңтарында журналистика факультетінің эдвайзері Әлім Әсел бастаған 205 топтың студенттері Сулейменов Мейирман , Садуақас Береке, Тоғабаева Әдемі Наурызбай ауданының Алтын Орда көшесінде орналасқан «Перзент» қайырымдылық балалар үйіне барды.
Жетімдер үйінде 35 кәмелетке толмаған балалар және мекеме қызметкерлері тұрады екен. Ескерту керек, осы жылдың 10 қарашасында балалар үйінің аумағынан өрт щығады. Бұл айтып келмейтін зілзалада зардап шеккендер болмайды. Балалар дін аман және қауіпсіз жерге орналастырылады.
Көмек жан-жақтан көрсетілгенімен, журналистика факультетінің Баспасөз және электорды БАҚ кафедрасына қарасты 205-топтың студенттері мен эдвайзері бұл қайғылы оқиғаға немқұрайлық таныта алмады. Сондықтан болар, қолдарынан келгенше қаражат жинап, балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаеваға табыс етеді.
205- топ студенті Садувақас Береке: «Мен осы балалар үйіне келіп, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, бастарынан сипағаныма қуанышты болдым. Әмина Қажы балалардың өз бетімен келмейтінің, оларды ішкілікке салынған безбүйрек аналар есіктің алдына бірнеше рет тастап кеткенін әңгіме етіп айтты. Ол кісі бізге оқуымызды үздік аяқтауға, жақсы азамат болуға бата берді. Осындай қайырымы мол іс-шараларды көптеп жасап, сауап жинауға бәріңізді шақырамын!».
Басқа жаңалықтар