«ЖУРНАЛИСТ» ОҚУ-ТӘЖІРИБЕЛІК ГАЗЕТІ – СТУДЕНТТЕРДІҢ РУХАНИ ТӘЛІМГЕРІ
ТМД-4Алаш ардақтысы Әлихан Бөкеханов: «Газета – ғұмыр айнасы, газетаны оқып жұрт өзін-өзі көреді», - деп жазғанындай, баспасөз – болмысыңды байытатын рухани тәлімгер. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының 1-курс студенттері «Қазақ журналистикасының тарихы» пәні аясында «Журналист» оқу-тәжірибелік газетінің биылғы 2025-2026 оқу жылындағы №1 (18). (101 топ); №2 (19). (102 топ); №3 (20). (103 топ); №4 (21). (104 топ); №5 (22). (105 топ); №6 (23). (106 топ) жаңа сандарын шығарды. Дәріс барысында алдымен, қазақ баспасөзінің қалыптасу басында тұрған тұлғалар болмысын зерделеп, бүгінгі журналистиканың белесінде тұрған бірнеше басылым тарихын түйсініп шықты. Нәтижесінде, өздері де газет шығара отырып, мақала жазудың, газет ісінің оңай шаруа еместігін ұғынды.
«Журналист» оқу-тәжірибелік газетінің жетекші редакторы зерттеуші-доцент, филология ғылымдарының кандидаты Римма Серікалиқызы Жақсылықбаева әр студентке тапсырма бере отырып (барлығы 145 студент), мақала, сұхбат, әңгіме, поэзия, эссе т.б. жазбаларының сапалы жазылуына басты назар аударды. Студенттердің өздері редактор әрі дизайнын жасаушы ретінде газет шығару ісіне дағдыланып, біраз тәжірибе жинақтады. Кезінде жазушы, алаш тұлғасы Міржақып Дулатов: «Газет – халықтың тамыршысы. Газет сыншы, қоғамдағы кеселді ашып көрсетуі керек», - дегендей, «Журналист» оқу-тәжірибелік газеті әлі талай журналистер қаламының шыңдалуына септігін тигізері сөзсіз.
Басқа жаңалықтар