ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ РУХАНИ ДӘРІСFarabi University

ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ РУХАНИ ДӘРІС

15 желтоқсан, 2025

ТДМ-4 Болашақ журналистерге алаш көсемсөзі өнегесін дәріптеу мақсатында «Қазақ журналистикасының тарихы» пәні аясында 2025 жылдың 6 желтоқсанында доцент-зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты Римма Жақсылықбаеваның «Баспасөз тарихы: ұлттың үнін көтерген тұлғалар» тақырыбында ашық сабағы өтті. Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай публицистикасы және замана биігіндегі «Абай» журналы», «Жалпыұлттық демократиялық «Қазақ» газеті,  қазақтың тұңғыш «Айқап» журналы және ұлт зиялылары», «Ұшқын» («Егемен Қазақстан») газетінің тарихи жолындағы бас редакторлар шеберлігі», «Жас Алаш» газетінің тарихы: кешегісі мен бүгіні», «Мұстафа Шоқайдың журналистік қолтаңбасы», Міржақыптың Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Міржақып Дулатовтың журналистік жолы» тақырыпта алты топ барынша дайындықпен келді. 

Нәтижесінде, студенттер баспасөз тарихындағы қилы кезеңді, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Мұхамеджан Сералин, т.б. алаш ардақтыларының өмірлік мақсатын қойылым арқылы көрсетіп, білімдерімен қатар, актерлік шеберліктерін де көрсете білді. Мәселен, Абай ақынды – Өнербай Балғаным, Мұстафа Шоқай рөлін – Махаш Рамазан, әйелі Марияның рөлін – Мағлумбек Мейірім, жазушы Мұхтар Әуезовты – Олжабай Медина, Сәбит Дөнентаевты – Сағындық Аяжан, Ғұмар Қарашевты – Раушанова Жансая сомдап, тұлғалар бейнесін ашуда біраз ізденісі мен талпынысын танытты. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін Аяулым Нұрлыбекқызы тамылжыта шырқаса, Гүлзина Орынбасар ақын Абайға арналған, Нұрхожа Тлек өз жүрегінен шыққан жырларын оқып берді. Оралбек Аршынның төгілте тартқан күйі де ашық сабақтың мәнін аша түсті.

«Қазақ журналистикасының тарихы» пәні аясында өткен ашық сабақтан студенттер біраз дүниені түйсініп, ұмытылмас естелік қалдырды.