Халықаралық білім беру апталығына қатыстыFarabi University

Халықаралық білім беру апталығына қатысты

25 қараша, 2025

Қытайдың Ухан қаласында Орталық қаржы-экономика және құқық университеті (ZUEL) ұйымдастырған форум және «Әлемдік жоғары білім беру ынтымақтастығының жаңа үлгілері» тақырыбы бойынша конференция болып өтті. 

ZUEL – әлемдік ғылыми ын­ты­мақтастық пен мәде­ниет­аралық түсіністікті нығайтуда 50-ден аса ел мен өңірлердегі 100-ден астам университет және ғылыми-зерттеу мекеме­ле­рімен әріптестік, алмасу бай­­ланыстарын орнатқан оқу орны. ZUEL-дің халықаралық бастамаларының флагманы са­налатын «Халықаралық білім беру және мәдениет апталығы» серіктестер мен студенттердің іс-шарасына әлем универ­си­тет­терінен ғылыми жетекшілер мен аға әкімшілер шақырылды.

Біздің Қазақ ұлттық универ­си­тетінің Түркітану және тіл тео­риясы кафедрасынан төрт оқытушы-профессор мен бір маманымыз Халықаралық бі­лім беру көрмесіне қатысып, халық­аралық бағдар­лама­лар­ды таныстырды.

Алдын ала форум мен кон­фе­ренцияға жиналған шет­ел­дік ғалымдармен кешкі басқосу ұйымдастырылып, тәжірибе ал­­масу, кеңес алу жиыны өтті.

Одан кейні Чжуннань эко­но­мика және құқық уни­вер­си­теті Нан­ху аумағында форум өз жұмысын бастады. Фо­рум­ды Чжуннань экономика және құ­қық университетінің прорек­то­ры Лю Реншань құттықтау сөз­бен ашты. Әлемнің түк­пір-түкпірінен келген акаде­миялық көшбасшылар мен универ­си­тет­тердің өкілдері өздерінің құттықтау сөзін жеткізді. Біздің елімізден Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың қауым­дас­ты­рылған профессоры П.Елу­бае­ва шығып, өз лебізін біл­дірді.

Құттықтаулар біткен соң, Халықаралық мәдениет фес­ти­валі басталды. Мұнда әрбір елдің ұлттық салт-дәстүрлері мен концерт бағдарламалары көрсетілді. Біздің универ­сите­ті­мізден академиялық ұт­қыр­лық бойынша Қытайдың Ухан қаласында білім алып жатқан «6В010704-Шет тілі: екі шет ті­лі» мамандығының 3-курс сту­дент­тері қазақ халқының өнер­лерімен көпшілікті тәнті етті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халық­ара­лық бренд маркетингі және визалық қолдау орталығының жетекші маманы Нұрбек Ке­ңес­хан университетіміз туралы презентация жасады. Онда уни­верситетіміз туралы толық мә­лімет берілді. Әрі қарай Ха­лықаралық білім беру бағ­дар­ламасының көрмесі жалғасын тап­ты.

Форуммен қатар, «Әлемдік жоғары білім беру ынтымақ­тас­тығының жаңа үлгілері» тақырыбы бойынша конфе­рен­ция болып өтті. Конференцияға 50-ден аса мемлекеттен кел­ген ғалымдар баяндама жа­сады. Ухан қаласының ескі мә­де­ни орындарымен танысуға арналған мәдени тур болды. AP19675130 «Түркі тіл­де­рін­дегі ортақ фразеологиялық бір­­лік­тер­дің лексикогра­фия­лық жүйе­сі» жобасы аясында ZUEL ға­лымдарымен тәжірибе ал­ма­су, ғылыми кеңес алу се­минары өтті.

Семинар жұмысынан соң, Чжуннань экономика және құ­қық университеті білім де­пар­таментінің басшысы, жур­­на­лис­тика және мәдени ком­му­никация факультеті бас­­шылары, оқытушы-про­фессор­ларымен халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, дамыту мақсатында кездесу болды. Кездесуді журна­лис­тика және мәдени ком­му­ни­кация факультетінің партия хатшысы Цзи Цюнь жүргізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті фило­ло­гия факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының мең­герушісі, делегация же­тек­шісі, филология ғылымының док­торы, профессор Рау­шан­гүл Амирдинқызы Қыт­ай тар­а­пынан көрсетілген жоғары дең­гейдегі ілтипат үшін алғыс білдіріп, жалпы университет, факультет, кафедра туралы таныстырып, біздегі ғылыми ар­тықшылықтар мен оқытушы-профессорлар құрамы туралы баяндады. Ол әсіресе шет тілі және қытай тілі мамандығының дамуы мен болашақ жоспар­ла­рын егжей-тегжейлі түсіндіріп, тіл­дік білім беру саласында нақ­ты әрі мазмұнды әріптестік орнатуда сәттілік тіледі.

Өзара кездесу барысында журналистика мен мәдени ком­муникация факультеті Қы­тай тілі кафедрасының про­фес­соры Тан Фэй халықаралық қы­тай тілі білім беру магис­тра­турасының даярлау мақ­сат­тарын, білім беру бағдар­ла­масын, оқу бағдарламасы мен қабылдау, бітіру талап­та­рын, сондай-ақ алдағы перс­пек­ти­валар туралы жан-жақ­ты тү­сініктеме берді. Екі тарап қос­дип­ломды ма­гис­тра­тура бағ­дарламасын бір­лесіп іске асыру, ғылыми ын­ты­мақтастық және кадр алмасу сияқты мә­селелер бойынша жан-жақты пікір алмасты. Кез­десу соңын­да журналистика және мәдени коммуникация фа­культетінің деканы, профес­сор Ю.Сюцай қорытынды сөз сөйледі. Ол қазақстандық әріп­тестермен жүргізілген ке­ліс­сөз нәти­же­ле­ріне жоғары ба­ға берді.

Бұл кездесу өзара түсініс­тік­ті арттыруға, ынтымақтастық бағытын нақтылауға зор ықпал еткенін, Орталық Қытай қар­жы-экономика және құқық уни­верситетінің халықаралық стра­­тегиясын ілгерілетуде «Бір бел­деу – бір жол» бастамасы ая­сындағы білім берудегі маңызды қадамы болғаны атап өтілді. Екі тарап та кездесуде қол жеткізілген нәтижелерді же­дел жүзеге асырып, бір­лес­кен жобалардың жақын уа­қыт­та табысты іске асуына ортақ ниет білдірді. 

Раушан АВАКОВА,

профессор

Шолпан ҚҰДЬЯРОВА, 

оқытушы