Студенттердің Ecoculture Fields ЖШС-ндегі тағылымдамасыFarabi University

Студенттердің Ecoculture Fields ЖШС-ндегі тағылымдамасы

25 қыркүйек, 2025

Өндірістік тағылымдама аясында «Биотехнология» білім беру бағдарламасының студенттері Ecoculture Fields ЖШС компаниясында тағылымдамадан өтті. Компания қызанақ, қияр және гүлдер өсіріп, сауда орындарына жеткізеді, сондай-ақ гүл тұқымдарын өндіреді. Студенттер Нидерланды Корольдігінде өндірілген, тамшылатып суару, арнайы түтіктер арқылы көмірқышқыл газымен тыңайту (CO2 өз қазандықтарында өндіріледі) жүйесімен жабдықталған 4-ші буын (4+) типті екі жылыжайдың жұмыс принциптерімен танысты.

Бір жылыжай раушан гүлдерін, ал екіншісі қызанақ пен қияр өсіру үшін пайдаланылады. Қазақстанда раушан гүлдерін өсіретін екі ғана компания бар екені белгілі және бұл сала маусымдық сұранысқа тәуелді болмағандықтан тұрақты кірісті (табысты) қамтамасыз етеді.

Студенттер жылыжайларда қызып кетудің алдын алу үшін микроклимат параметрлерін, ылғалдылықты және желдетуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін басқарудың (перделерді ашу және жабу) практикалық дағдыларын үйренді. Олар сондай-ақ жылыжайда қолданылатын қорғаныспен – химиялық қорғаныс (ол минимизацияланған) және энтомофагтарға негізделген биологиялық қорғаныс жүйелерімен танысты. Кейбір студенттер Алматыдағы компанияның өз зертханасында практикалық оқудан өтті, онда зиянкестерге қарсы энтомофагтар өсіріліп, көбейтіледі.

Көкөністерді сақтау және жеткізіп тасымалдаудың суық тізбек принциптерін және агробизнес негіздерін түсіну білім берудің сапасын арттыруға және студенттерді нақты еңбек нарығы жағдайларына дайындауға, 4-ші Тұрақты даму мақсаты – Сапалы білім беруге қол жеткізуге ықпал ететіні сөзсіз.

Дайындаған: аға оқытушылар А.А. Мелдебекова, Г.Доктырбай.