- Басты бет
- Мұражай
- ҚХР-дың Аньян технологиялық институты делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейіне сапары
ҚХР-дың Аньян технологиялық институты делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейіне сапары
15 желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейімен
Қытай Халық Республикасындағы Аньян технологиялық институтының делегациясы танысты.
Қонақтар музей экспозициясымен танысып, университеттің тарихы мен ғылыми мұрасы туралы мағлұмат алды. Кездесу барысында әл-Фараби атындағы мәдени орталықтардың әлемнің әр еліндегі қызметі, олардың халықаралық мәдени-ғылыми байланыстарды дамытудағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ делегация өкілдері университеттің шетелдегі филиалдары, олардың құрылымы мен даму бағыттарына қатысты сұрақтар қойды.
Кездесу мазмұнды диалог пен өзара қызығушылық жағдайында өтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

