1991 жылғы түлектер ҚазҰУ музейіне келдіFarabi University

1991 жылғы түлектер ҚазҰУ музейіне келді

17 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне

1991 жылғы түлектер келді.

Қонақтар музей экспозициясымен танысып, университеттің тарихы, қалыптасу кезеңдері мен академиялық дәстүрлері туралы естеліктерімен бөлісті. Кездесу барысында түлектер өздерінің студенттік жылдарын еске алып, ҚазҰУ-дың олардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.

Бұл кездесу университеттің ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп, ҚазҰУ рухы мен құндылықтарының сақталып, жалғасып келе жатқанын айқындай түсті.

Басқа жаңалықтар