- Басты бет
- Мұражай
- Тайвань Қытай мәдениеті университетінің Құқық факультетінің өкілдері ҚазҰУ музейінде
Тайвань Қытай мәдениеті университетінің Құқық факультетінің өкілдері ҚазҰУ музейінде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Тайваньдағы Қытай мәдениеті университетінің Құқық факультетінің өкілдері келді.
Музейге экскурсия барысында қонақтар университеттің қалыптасу және даму тарихымен, оның маңызды тарихи кезеңдерімен, көрнекті ғалымдары мен белгілі түлектерінің жетістіктерімен танысты.
Сонымен қатар, университеттің Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі, халықаралық академиялық байланыстары және ғылыми жетістіктері туралы ақпарат алды.
Қонақтар музей экспозициясына қызығушылық танытып, ҚазҰУ-дың бай тарихи мұрасы мен ғылыми әлеуетіне жоғары баға берді.
Мұндай кездесулер халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, мәдениетаралық байланысты дамытуға және университеттер арасындағы тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
