Ар намыс кодексі және студент туралы ережесіFarabi University
Референдум 15 марта

Ар намыс кодексі және студент туралы ережесі

4 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 4 қыркүйегінде Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында 1-курс студенттеріне арналған «Ар намыс кодексі және студент туралы ережесі» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің академиялық мәдениетін қалыптастыру, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру, сондай-ақ жауапкершілік пен этикалық құндылықтарға негізделген мінез-құлық мәдениетін дамыту болды. Кураторлар студенттерге академиялық адалдық принциптері, этикалық нормаларды сақтау маңызы, тәртіп ережелері мен ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті туралы түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында студенттер өз пікірлерін ортаға салып, адалдық, жауапкершілік және өзара құрметтің оқу процесіндегі рөлін талқылады. Мұндай кураторлық сағаттар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін, азаматтық ұстанымын және этикалық сана-сезімін арттыруға ықпал етеді.

 

Филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.