Шетелдік ғалымдар дәрісіFarabi University

Шетелдік ғалымдар дәрісі

11 желтоқсан, 2025

11 желтоқсан 2025 ж «Сапалы білім беру» бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 8D02208-Түркітану мамандығының 2 курс докторанттары мен 6В02209-Түркітану мамандығының 3-курс студенттеріне Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті Ургут филиалы профессор-оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында доцент Акбар Асраров Абилхужаевич – «Абай және өзбек әдеби мұрасы, Олжас Сүлейменовшығармашылығы мен қазіргі қазақ поэзиясы»; доцент Бегали Мардиев Худойкул – «Өзбек және қазақ әдебиеті негізінде Әл-Фараби мұрасын салыстыра зерттеу»; доцент Улуғбек Кушкарович Санакулов – «Өзбек және қазақ халқындағы шешендік өнер мен сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы» тақырыптарында дәрістер оқып, білім алушылармен әртүрлі сұрақ-жауап негізінде сұхбаттасу жүргізді. Ұстаздар кафедраға өздерінің алып келген кітаптарын табыстады. Кездесу соңында студенттер мен докторанттар өз өнерлерін көрсетті.

Ұйымдастырушылар: Кафедра оқытушылары PhD Ш.Т.Кудьярова, магистр оқытушы К.Б.Аширкулов және Түркітану мамандығының 2 курс докторанттары мен 3-курс студенттері.