Ашық кураторлық сабақ: “Тәуелсіз елім – Қазақстан”Farabi University

Ашық кураторлық сабақ: “Тәуелсіз елім – Қазақстан”

12 желтоқсан, 2025

08.12.2025 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің «Экономика» кафедрасының 6B0419 – Цифрлық экономика мамандығы студенттеріне ашық кураторлық сабақ өткізілді. ТДМ-нің 4-ші «Сапалы білім беру» және 11-ші «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылған бұл сабақтың мақсаты – студенттердің білімін кеңейту, азаматтық жауапкершілігін арттыру және елдің тұрақты дамуына қатысты көзқарасын қалыптастыру
болды. Ашық кураторлық сабақтың мақсаты – студенттерге Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи маңызды оқиғалар мен деректерді дәріптеу арқылы бүгінгі ұрпақ үшін құндылығын түсіндіру болды.
Сабақ барысында тәуелсіздік кезеңіне қатысты негізгі деректер
талқыланып, студенттер өз ойларымен бөлісті. Қорыта келе айтар болсақ, тәуелсіздік тұғыры әрбір қазақстандық үшін маңызы зор екені атап өтілді. Ашық кураторлық сабақ тәрбиелік және танымдық тұрғыдан мазмұнды өтті. Ұйымдастырушы: “Экономика” кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзер, PhD: Иляшова Г.К.