Хань патшалығы мен Үйсін елі арасындағы байланыстар қытайтану кафедрасында ғылыми тұрғыда талқыландыFarabi University

Хань патшалығы мен Үйсін елі арасындағы байланыстар қытайтану кафедрасында ғылыми тұрғыда талқыланды

12 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 11 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс докторанты Құрбанәлі Жазира «Хань патшалығы мен Үйсін елі арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинарға оқытушылар, докторанттар, магистранттар, сондай-ақ Қытай мәдениетінің тарихи дамуына қызығушылық танытқан зерттеушілер қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – Хань патшалығы мен Үйсін мемлекеті арасындағы байланыстарды талдау арқылы Орталық Азияда Ұлы Жібек жолы бағыттарының қалыптасуын және оның Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынастардағы рөлін ашып көрсету болды. Сонымен қатар Хань патшалығының күшеюі мен оның Орталық Азияға экспансия жасау себептері жан-жақты қарастырылды.

Семинар барысында Хань патшалығы мен Үйсін елі арасындағы тарихи, мәдени, әскери және экономикалық байланыстар жөніндегі түрлі ғылыми көзқарастар талқыланып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша тақырыпты тереңдетіп зерттеу, сондай-ақ ғылыми жарияланым әзірлеу мақсатында қосымша кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.