- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында Қытай мәдениетінің жаһандану жағдайындағы өзгерістері талқыланды
Қытайтану кафедрасында Қытай мәдениетінің жаһандану жағдайындағы өзгерістері талқыланды
2025 жылғы 10 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасында 3-курс докторанты З. У. Искакованың «Қытай мәдениетінің жаһандану жағдайындағы өзгерістері» тақырыбында ғылыми семинары өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жаһандану үдерісі жағдайында Қытай мәдениетінде орын алып жатқан трансформациялық өзгерістерді ғылыми тұрғыда талдау.
Семинар барысында Қытайдың әлемдік саяси және мәдени кеңістіктегі ықпалының артуы, «ашықтық пен реформалар» саясаты кезеңінен кейінгі мәдени дамудың синтезделген үлгісі, сондай-ақ дәстүрлі мәдениеттің заманауи мәдени формалармен қатар дамуы жан-жақты қарастырылды. Аталған үрдістердің өзге мемлекеттер үшін ғылыми қызығушылық тудыруы семинар тақырыбының өзектілігін айқындады.
Семинар жұмысы қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Студенттер дипломдық зерттеу жұмысының мазмұны, құрылымы мен рәсімделуіне қатысты сұрақтар қойып, нәтижесінде өз зерттеу сапасын арттыруға бағытталған құнды ғылыми-әдістемелік кеңестерге қол жеткізді.
Басқа жаңалықтар