- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Сапалы білім және тарихи жады: Ахмет Байтұрсынұлының үй-мұражайындағы музейлік сабақ»
«Сапалы білім және тарихи жады: Ахмет Байтұрсынұлының үй-мұражайындағы музейлік сабақ»
«Сапалы білім және тарихи жады: Ахмет Байтұрсынұлының үй-мұражайындағы музейлік сабақ»
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Баршаға арналған инклюзивті әрі әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқуға мүмкіндік жасау» — аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академиялық білімді тәрбиелік және мәдени-ағартушылық қызметпен ұштастыратын оқыту формалары белсенді түрде енгізілуде.
Осы орайда механика-математика факультетінің 1-курс студенттері Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы К.Қ. Қабдолдинаның жетекшілігімен көрнекті ғалым, ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мемориалдық мұражайы — Ахмет Байтұрсынұлының үй-мұражайына барды. Аталған іс-шара білім беру кеңістігін кеңейтуге және білім алушылардың тарихи санасын тереңдетуге бағытталды.
Мұражайға бару студенттердің ұлттық мәдени-тарихи мұраға деген құрметін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және білім мен ғылымның қоғамның тұрақты дамуындағы рөлін ұғынуына ықпал етті.
Іс-шараға 13 студент қатысты.
Басқа жаңалықтар