Тарих, кино және бірегейлік: Almaty Museum of Arts-тағы ғылыми-ағартушылық дәрісFarabi University

Тарих, кино және бірегейлік: Almaty Museum of Arts-тағы ғылыми-ағартушылық дәріс

5 желтоқсан, 2025

Тарих, кино және бірегейлік: Almaty Museum of Arts-тағы ғылыми-ағартушылық дәріс   

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты«Баршаға арналған инклюзивті және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету әрі өмір бойы оқуға мүмкіндік жасау» — аясында 6В02205 — «Тарих» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Қазақстан тарихы кафедрасының жетекші-эдвайзері, аға оқытушысы К.К. Қабдолдинаның жетекшілігімен 6 желтоқсанда кино және мәдениет зерттеушісі, Queen Mary University докторанты Әсия Бағдәулетқызының «Шабандоз қыз»: әйел бостандығының кеңестік нұсқасы және «халықтар достығы зертханасында» ұлттық болмыс қалыптастыру» дәрісіне қатысты.

Дәріс Almaty Museum of Arts — заманауи және актуалды өнерге арналған жеке музейде өтті және кеңестік кинематографиядағы әйел еркіндігінің репрезентациясын, мәдени бірегейлікті және идеологиялық құрылымдарды талдауға арналды. Аталған іс-шараға қатысу студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға, тарих, мәдениет және визуалды медиа арасындағы өзара байланыс туралы түсініктерін кеңейтуге, сондай-ақ тарихи нарративтерді сыни тұрғыдан пайымдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Осылайша, музей кеңістігінде өткізілетін ғылыми-ағартушылық дәрістер болашақ тарихшыларды даярлауда пәнаралық тәсілді нығайтып, олардың мәдени және кәсіби дамуына септігін тигізеді және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стратегиялық басымдықтары мен тұрақты даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.

Іс-шараға 10 студент, 2 оқытушы, докторанттар және шетелдік қонақтар қатысты.