- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сапалы білім: Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу. (Кураторлық тәрбие сағаты)
Сапалы білім: Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу. (Кураторлық тәрбие сағаты)
2025 жылдың 17 желтоқсан күні «Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының эдвайзерлері: Сабденова Г.Е., Асанова Б.С., Нұсқабай П.Н., Нұрбатырова Р.Е. ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсаттарының №4 "Сапалы білім" бағыты аясында «Қорытынды емтихан» ережелерін түсіндіруге, талқылауға арнап кураторлық тәрбие сағаты өткізілді.
14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол - ҚР 2007-2024 жыл аралығнда «Тұрақты дамуға өту» жөніндегі концепция.
Қабылданған концепция бірнеше бағыттыр бойынша жүргізіледі: кедейлікті жою, аштықты жою, жақсы денсаулық және әл-ауқат, сапалы білім беру, таза су және санитария, қымбат емес және таза энергия, лайықты жұмыс және экономикалық өсу.
Мақсаты: Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарының қалыптасуын, бағыттарын баяндап және Сапалы білім беру аясында «Қорытынды емтихан» ережелерін түсіндіру, талқылау.
Өткізілген кураторлық тәрбие сағат аясында кафедраның оқытушылары Б.С. Асанова, Р.Е. Нұрбатырова Тұрақты даму мақсаттарының қалыптасуы мен даму тарихын, бағыттарын кеңінен баяндап, «Қорытынды емтиханды» өткізу ережелері мен талаптарын түсіндірді.
Кураторорлық сағат барысында кафедраның профессор-оқытушы құрамы білім алушылардың қойған сауалдарына өз ой-пікірлермен бөлісіп, түсіндірді.
Басқа жаңалықтар